Бокс
10 сәуір 15:02
 

20 жастағы жігіт Джалоловты ең мықты боксшы атағынан айырды

  Пікірлер

blog.share

20 жастағы жігіт Джалоловты ең мықты боксшы атағынан айырды ©Тұрар Қазанғапов

Бокс туралы жазатын BoxingScene спорт порталы 2030 жылы ауыр салмақта ең мықты атанатын боксшылар тізімін жасады. Бұл тізімге Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) кіріп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бокс туралы жазатын BoxingScene спорт порталы 2030 жылы ауыр салмақта ең мықты атанатын боксшылар тізімін жасады. Бұл тізімге Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) кіріп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда бұл рейтингке кәсіпқой рингтегі боксшылар ғана кірген. Рейтингті құрушылардың ойынша, суперауыр салмақтағы боксшылар баяу дамиды, демек, 2025 жылы кәсіпқйда жүрмеген боксшы 2030 жылы топ-10 тізімге ілінбеуі мүмкін. 

Мозес Итаума (20-0, 10 KO) - 20 лет (2030 жылы 25 жаста болады);
Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) - 30 жаста (35 жаста болады);
Даниель Дюбуа (22-2, 21 KO) - 27 жаста (32 жаста болады);
Ричард Торрес (13-0, 11 KO) - 25 жаста (30 жаста болады);
Дайньер Перо (10-0, 8 KO) - 25 жаста (30 жаста болады);
Фабио Уордли (18-0, 17 KO) - 30 жаста (35 жаста болады);
Джай Опетая (27-0, 21 KO) - 29жаста (34 жаста болады);
Агит Кабайел (26-0, 18 KO) - 32 жаста (37 жаста болады);
Джастис Хани (12-0, 7 KO) - 26 жаста (31 жаста болады);
Филип Хргович (18-1, 14 KO) - 32 жаста (37 жаста болады).

"Итауманы бірінші орынға қойғанымыз - қауіпті емес пе? Мүмкін. Бірақ Итаумаға қараңызшы! Ауыр салмақтағы боксшы үшін оның қолдары жылдам, джебі тамаша, шабуылдан қашуы да, екі қолы да қуатты. Өзі де соққыны жақсы көтереді. 

Ал Джалолов "солақай Виталий Кличко" немесе Дэвид Прайстың солақай түрі. Бойы ұзын (2,01 метр), қуатты, бірақ мықты қарсыластармен шыққан емес. Шевадзутскийге қарсы кейінгі айқасы әсерлі болмады", - деп түсіндірді авторлар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!