Бокс
26 қараша 2020 14:49
 

1996 жылы Марадона әлем чемпионымен жекпе-жек өткізген. Төреші де таяқ жеді

  Пікірлер

blog.share

1996 жылы Марадона әлем чемпионымен жекпе-жек өткізген. Төреші де таяқ жеді Сурет: SportTalk

Кеше спорт әлеміндегі аңыздардың бірі Диего Марадона 60 жасында дүниеден озды. БАҚ мәліметінше, бұрынғы футболшының жүрегі мен өкпесі нашар болған,- деп хабарлайды vRINGe.com.

blog.share

Кеше спорт әлеміндегі аңыздардың бірі Диего Марадона 60 жасында дүниеден озды. БАҚ мәліметінше, бұрынғы футболшының жүрегі мен өкпесі нашар болған,- деп хабарлайды vRINGe.com.

Марадона туралы бір қызықты жай, 1996 жылы ол өзін рингте сынап көрді - жергілікті чемпион және жақын досы Сантос Ласиарға жекпе-жекке шығуға уәде беріп, сөзінде тұрды.

Бұл үш раундты тамаша үшін жасалған кездесу болатын. Ласиар 1981 жылы өте жеңіл салмақта WBA титулын жеңіп алып, атағы шыққан еді. 

1996 жылы Ласиардың бокспен қоштасқанына көп уақыт өткен, алайда, ол Марадонамен шығу үшін рингке оралды.

Салмақ өлшегенде Марадона 75,3 келі, ал Ласиар 61,6 келі тартты.  Жекпе-жекке футболшы сол кезде өнер көрсетіп жүрген "Бока Хуниорс" клубының түсіндегі шолақ шалбармен шықты. Марадона қарсыласымен бірден жұдырықтаса жөнелген. Біраздан кейін екі боксшы да көрермендердің көңілін көтеру үшін төрешіні төпештей бастады. Сөйтіп төреші де біраз таяқ жеп алды. 

Төрешілер жеңісті кімге берерін ұзақ ойланып, ақыры тең түсті деген шешім шығарды.

Жарнама

Живи спортом!