Видеоны премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов Telegram-каналындағы парақшасына жариялады.
Роликтен ҚР Парламенті төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қалай жаттыққанын көруге болады. 17-секундта Нығматулин 30-дан аса соққы жасайды.
Еділов 1999-2002 жылдары Нұрлан Нығматулин Астанадағы (қазіргі Нұр-Сұлтан) бокс федерациясын басқарғанын айтады.
Айта кетейік, 31 тамызда Нұрлан Нығматулин 58 жасқа толған еді. Ол Қарағанды қаласында дүниеге келген, танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жерлесі.
Еске салайық, 31 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады.