Бокс
20 қазан 2020 09:14

17 нокауты бар Жанқош Тұраров АҚШ-та спарринг серігін бір соққымен есінен тандырды

Сурет: Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) АҚШ-та спарринг серігін есінен тандырып тастады,- деп хабарлайды Vesti.kz.


Қарсылас Жаңқоштың оң жақ соққысынан кейін құлады, оған бірден секунданттары жүгіріп шықты. 



Тұраров рингке 2019 жылы шілдеде өткен кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын жеңіп алған.