17 нокауты бар боксшы орта салмаққа көтеріліп бірден Головкинді жекпе-жекке шақырды

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Вилли Нельсон (27-3-1, 17 КО) 2021 жылы бір категория көтеріліп, жергілікті чемпиондармен жекпе-жекке шықпақ,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы Fighthype.com сайтына сілтеме жасап.

Соның ішінде, ол орта дивизионда IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесу өткізгісі келеді.
"Мен өз үлесімді қосқым келеді. Головкин - ол мен жұдырықтасқым келетін жігіт. Меніңше, оның және менің стилім жанкүйерлерге ұнайтын жекпе-жек бола алады. Сонымен қоса, Роб Брант, Хайме Мунгия, Риота Мурата және Джермалл Чарло сияқты жігіттерге қарап жүрмін. Дивизионның мықтыларымен жұдырықтасқым келеді. Егер бірден чемпионмен шыға алсам, титулды жекпе-жек болатындай мүмкіндік беріңіздер", - дейді Нельсон.
Айта кетейік, Нельсон бір кездері WBO титулына ие Деметриус Андрадемен (техникалық нокаутпен жеңілді) және Головкиннің бұрынғы қарсыласы Ванес Мартиросянмен (төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілді) жұдырықтасқан.
Жарнама