Бокстан Қазақстан чемпионатының қортындысы бойынша осы турнирдің екі үздігінің есімі аталды.
Ерлер арасында 67 келіде чемпион болған 18 жастағы Төрехан Сабырхан, ал бұрымдылар арасында 48 келіде жеңімпаз атанған Назым Қызайбай.
Бір айта кететіні, аталған екі боксшының да финалдағы қарсыластары айқасқа шықпады.
"Жеке маған мықтылардың ең мықтысы ұнайды. Назым Қызайбай Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды (ойлап көріңіздерші)!
Ал Төрехан Сабырхан - осы турнирдегі ең жас чемпион. Енді екеуі де 2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиадаға нақты үміткер болатынына таң қалмаймын", - деп жазыпты Аян Төлеген өзінің телеграм арнасында.