Бокс
24 сәуір 2020 08:58

12 нокауты бар жеңілмеген чемпион Ломаченконы талғанша сабайтынын мәлімдеді

Сурет: Fightnews.info
Жеңіл салмақта IBF чемпионы америкалық Теофимо Лопес (15-0, 12 KO) осы дивизионда WBA және WBO титулдарына ие украиналық Василий Ломаченконы (14-1, 10 KO) нокаутқа түсіретінін мәлімдеді.

Ломаченко - Лопес жекпе-жегі 30 мамырда өту керек болған, алайда, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.

"Ол қауіпті сезіп жүр. Бәрі біткенде ол менің және әкемнің бетіне қарағысы келе ме?

Оны нокаутқа түсіретініме толық сенімдімін. ҚАй қолыммен екені маңызды емес. Бастысы мен оны оңдырмай сабаймын", - деп келтіреді Лопестің сөзін BoxingScene.