Бокс
21 сәуір 14:31

10 нокауты бар боксшы Жәнібекпен айқасуға Қазақстанға келмей қойды

©Top Rank

Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) Астанадағы бокс кешінде ирландиялық Аарон Маккеннамен (19-0, 10 KO) айқасқысы келген екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

Маккенна Жәнібектің орнына бокс ардагерін таңдапты

25 жастағы ирландиялық үлкен жекпе-жекті ұзақ күтіп, жыл басыда бірден екі ұсыныс алған екен: Қазақстанға барып орта салмақтағы ең мықты боксшы Әлімханұлымен WBO және IBF титулдары үшін жұдырықтасу немесе 36 жастағы Лиам Смитпен (33-4-1, 20 КО) айқас. Бұл жекпе-жек Крис Юбенк (34-3, 25 KO) – Конор Бенн (23-0, 14 KO) кездесуінің кардында өтеді. 

Маккенна қазіргі таңда бірінші орта салмақта чемпион болған Смитпен жұдырықтасқаны дұрыс деп шешіпті. 

Осылай Маккеннаның орнына Астанаға франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 КО) келді. 5 сәуірде Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта құлатып, титулдарын сәтті қорғады.

Қазақстанға келмеуінің себебі

"Маған екі ұсыныс қатар келді, мен ойша екеуіне де дайындалдым. 

Жәнібекпен Қазақстанда жұдырықтаса алатын едім, бірақ, командаммен талқылаудан кейін Смитпен жекпе-жекті таңдадым. Меніңше, бұл менің карьерама көбірек пайдалы. Бұл үлкен жекпе-жек кешінің дақпыртының өзі маған назар аудартады. ал егер мен жеңсем - бәрі өзгереді, Жәнібекпен де кейін кездесемін. 

Менің жеңісім бәрін 100 пайыз өзгертеді. Одан кейін Әлімханұлымен қайда болсын - Америкада болса да айқасуға болады", - деп береді Маккенаның сөзін The Ring.

Енді ирландиялық боксшы Смитпен 26 сәуір Лондондағы (Ұлыбритания) жекпе-жек кешінде рингке шығады. 

Ал Әлімханұлы?

Жәнібектің өзі орта дивизиондағы белбеулердің бәрін біріктіруге ниетті, бұл үшін ол алдымен доминиканаық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) WBC белбеуі үшін және кубалық Эрисланди Ларамен (31-3, 19 КО) WBA титулы үшін жұдырықтасқысы келеді.

бұған дейін Әлімханұлы мен 12 нокауты бар чемпионмен жекпе-жегінің уақыты белгіленген болатын

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport