Мэнникстің сөзінше, DAZN "Канело" мен Головкин трилогиясы үшін мексикалыққа осындай жеңілдік жасады.
"DAZN қызметінің Жапониядағы "Канело" - Мурата жекпе-жегіне келісуі, Альварес - Головкин трилогиясына қол жеткізу амалы. DAZN бұл кездесуді күтіп отыр. Сондықтан "Канелоға" керегін берсе, ол да DAZN-ге керегін береді", - деп жазыпты инсайдер.
"Канело" - GGG жекпе-жегі "қыркүйекте өтеді, әйтпесе мүлде болмайды" жағдайында. Головкин келесі кездесуінде өзін тамаша көрсетуі қажет. Егер "Канело" онымен күзде жұдырықтаспаса, онда жекпе-жек ешқашан өтпейтін шығар", - деп жазыпты Мэнникс.