Франциялық биатлоншы Кентен Фийон Майе 2021/22 маусымдағы әлем кубогінің жалпы есебінде топ жарып, карьерасында бірінші рет "Үлкен хрустальді глобустің" иегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отепя қаласында өткен әлем кубогінің кезекті кезеңінде Фийон Майе масс-стартта екінші орын алды. Бұл жарыстан кейін ол 870 ұпай жинап, үш жарыс қалған кезде әлем кубогінің иегері атанды. Екінші сатыда жайғасқан франциялық Эмильен Жакленде 625 ұпай.
Фийон Майе Партис Байи-Сален, Рафаэль Пуаре және Мартен Фуркадтан кейін әлем кубогінде топ жарған төртінші франциялық биатлоншы атанды.
Ал Отпеядағы жаппай жарыста норвегиялық Ветле Шостад Кристиансен бірінші орын алса, Сиверт Баккен үшінші орынға жайғасты.
Еске салайық, Бейжіңде өткен қысқы Олимпиадада Фийон Майе 20 шақырымға жекелей жарыста және 12,5 шақырымға із қуалай жарысында алтын жүлде иеленген еді.