Баскетбол
13 сәуір 2022 20:39
 

Қазақстанда туған баскетболшы ЦСКА сапына ауысты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда туған баскетболшы ЦСКА сапына ауысты ©unicsbasket

Мәскеудің ЦСКА клубы Евгений Колесниковты қатарға қосты. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеп отыр.

blog.share

Мәскеудің ЦСКА клубы Евгений Колесниковты қатарға қосты. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеп отыр.

"Туған командама қайта оралғаныма қуаныштымын. Клубтың намысын абыроймен қорғауға тырысамын. ЦСКА әрқашан бірінші орында болу керек", - деді Колесников.

Еске салайық, 36 жастағы Колесников 1986 жылы Жамбылда (ред. Тараз) дүниеге келген. Алайда баскетболдағы алғашқы қадамдарын Ресейде жасады. Спорттық карьреасында жасөспірімдер арасында 2002-2004 жылдары ЦСКА сапында өнер көрсетті.

Ресей құрамасында 2009 жылы бүкіләлемдік жазғы Универсиадада күміс жүлдегер атанды. Жамбылдық ойыншы әр жылдары "Красные Крылья", УНИКС, "Енисей", "Автодор", ВЭФ (Латвия) және "Обрайдоро" (Испания) командаларының намысын қорғады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!