30 жастағы "Астана" ойыншысы Майкл Майерс ВТБ Бірыңғай лигасының рекордын орнатты, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
МБА командасына қарсы матчте ол салынбай қалған допты 18 рет алып қойған: 14 рет қорғаныста және төртеуін шабуылда. Сонымен қоса, Майерс 15 ұпай жинап, 3 пас пен 4 блок-шот жасады. Салынбаған допты 18 рет алып қою - Майерстің карьерасындағы рекорд.
Осы маусымның бұған дейінгі рекорды "Енисей" командасының ойыншысы Владислав Трушкинге тиесілі болған -15 рет.
Еске салайық, мәскеулік МБА өз алаңында "Астананы" 81:59 есебімен ұтты.