Бадминтоннан Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жарыстың топтық кезеңі аяқталды.
Қазақстандық Дмитрий Панарин D тобында өнер көрсетті. Спортшы бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.
Ол Мьянмадан барған Хейн Хтутты және Бангладеш спортшысы Хандокар Соадты жеңді.
Панариннің келесі қарсыласы — Үндістандық Киран Джордж болмақ.