Автоспорт
6 желтоқсан 2018 16:37
 
"Формула-4" турниріне Қазақстан атынан 14 жастағы жеткіншек қатысады

  Пікірлер

blog.share

"Формула-4" турниріне Қазақстан атынан 14 жастағы жеткіншек қатысады © "Сокол" СТК

14 жастағы қазақстандық Сұлтан Ибрагимов Малайзияда өткен FIA F4 South East Asia Championship тестілік жарысынан сәтті өтті. 

Малайзияда Ибрагимовтың инженері мен бапкері Meritus GP командасындағы білікті маман Габриэлла Парра болды. Оның сөзінше, Сұлтан екіншгі күні-ақ бейімділігін танытып, қашықтықты 2 минут 20 секундта өткен. 

"Сұлтанның таланты анық көрініп тұр. Оның тұрақты түрде өсіп келе жатқанына ризамын. Ынтасы зор. Сондықтан онымен ары қарай жұмыс істесуге қуанышты боламыз", - деп атап өтті Парра. 

Ал Ибрагимовтың өзі "Формула-1" жарысына қатысуды армандайтынын айтады.

"Жаңаша тәжірибе алып, арманым - "Формула-1" жарысына бір табан жақындай түскеніме қуаныштымын. Ата-анам, демеушілер, бапкерлер, менеджерлер, механиктерге және барлық командаға қолдау үшін алғыс айтамын. Ұсынылған техника үшін Питер Томсонға ерекше рахмет", - дейді жасөспірім. 

Айта кетейік, "Формула-4" - бір орынды көліктер жарысының жастарға арналған түрі. Негізгі мақсаты картинг айдайтын жастарға ересектер жарысы алдында тәжірибе жинақтау. Мұндай деңгейдегі чемпионаттар Франция, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Америка, Ресей, Қытай және өзге елдерде өткізіліп жатыр.

Жарыс жеңімпазы бір саты жоғары турнирге қатысуға мүмкіндік алады, "Формулы-1" сайысына дейін.

Жарнама

Живи спортом!