Новак Джокович Астанадағы турнирдің ширек финалына шықты
©ҚТФ
Сербиялық теннисші Новак Джокович Астанада өтіп жатқан АТР 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Сербиялық теннисші Новак Джокович Астанада өтіп жатқан АТР 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
1/8 финалда АТР рейтингінде 7-орында тұрған Джокович 34-орында тұрған нидерландылық Ботик ван де Заншульппен кездесіп, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 11 минутқа созылды.
Енді келесі айналымда сербиялық АТР рейтингінде 18-орында тұрған ресейлік Карен Хачановпен жолығады. Ойын 7 қазан күні өтеді.
Жарнама