Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бүгін, 17 қаңтар күні қазақстандық теннисші бірінші айналымда америкалық Томми Полмен жолығып, 3:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Кукушкин қазіргі уақытта АТР рейтингінде 180-орында, ал Пол 41-сатыға жайғасқан.
Осылайша, Australian Open турнирінен екінші қазақстандық теннисші шығып қалды. Бұған дейін бірінші айналымда отандасымыз Юлия Путинцева жеңіліс тапқан еді.