Мексикада 22 жастағы Мария Лорена Рамирес 50 шақырымдық марафонда бірінші болып келді, - деп хабарлайды ru.espreso.
Бұл жеңістегі ең қызықтысы мексикалық қыздың 12 елден келген 500 спортшыны салпыншақ пен белдемше киген күйде басып озғаны болып отыр. Рамирес арнайы спорттық киім кимеген, оның үстіне бұл жарысқа арнайы дайындалмаған екен.
Ол 50 шақырымды 7 сағат 3 минутта жүгіріп өтіп, бұл жеңісі үшін 6 мың песо (100 мың теңгедей) сыйақы алды. Рамирес былтыр 100 шақырымдық марафонда екінші болып келген екен.
Мария Рамирес жергілікті тараумара халқының өкілі. Марафоншы Кристофер Макдугалл бұл халықтың жүгіруге өте епті келетіндігін ерекше атап өткен.

Meksika yerlilerinden Maria Lorena Ramirez, terlik benzeri lastik ayakkabılarıyla yarıştığı 50 kilometrelik ultramaratonun şampiyonu oldu pic.twitter.com/studrpH5sP
— SizinHaberiniz (@SizinHaberiniz) 22 мая 2017 г.
Жарнама