Ольга Рыпакова "Гауһар лиганың" финалына емес, Азия ойындарына қатысады
Индонезия астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарындағы жеңіл атлетика сайыстарының күнтізбесі ұлттық құрама лидері Ольга Рыпаковаға таңдауға жасауға мәжбүр етті, — деп хабарлайды Qsport.kz парталы ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.
Ольга Рыпакова биылғы маусымда «Гауһар лиганың» финалы мен Азия ойындарына қатысуды ұйғарғанын айтқан болатын. Бірақ екеуінің уақыты бір күнге тура келіп тұр.
«Гауһар лиганың» күнтізбесі 2017 жылдың қараша айында бекітіліп қойған. Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысы қосылған төрт кезеңнің уақыты белгілі. Алғашқы жарыс – 12 мамырда Шанхайда, сосын Осло (8 маусым), Париж (30 маусым) және Рабатта (13 шілде) өтеді. Ал финалды 30 тамыз күні Швейцарияның Цюрих қаласы қабылдайды.
Азия ойындарында жеңіл атлетика сайыстарының өтетін уақытын ұйымдастырушылар жақында ғана хабарлады. Яғни 25-30 тамыз күндері «спорт падишасының» өкілдері сынға түседі. Оның ішінде үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы финал 30 тамызға дәл келіп тұр. Іріктеу бәсекесі 29 тамызда болады.
Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының директоры Денис Рыпаков Олимпиада чемпионы осындай қиын таңдау кезінде Азия ойындарына қатысуды жөн көргенін айтып отыр.
– Амал жоқ, екі жарыстың біреуін таңдауға тура келеді. Біз ойлана келе, Азия ойындарына қатысамыз деп шештік. Құрлық додасында ел қоржынына жүлде салғымыз келеді. Негізі Цюрихке барсақ та, жоғары орындардың біріне ілігуге мүмкіндігіміз бар. Бірақ ұйымдастырушылардың екі жарыста бір күнге қойған қателігі салдарынан таңдау жасауға мәжбүр етті, – дейді Д. Рыпаков.

Жарнама