Легкая атлетика
15 қараша 2017 14:53
 
Ольга Рыпакова әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді

  Пікірлер

blog.share

Ольга Рыпакова әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қараша айының басында алдағы уақытта ресми әлемдік рейтингті түзетінін мәлімдеген болатын.

Соның нәтижесінде ірі халықаралық жарыстарға іріктеу жасалады. Рейтингті Elite Ltd компаниясымен бірге түзеді. Бұл компания all-athletics.com сайтының иесі.

Әр түрлі жарыстарға қатысып жүрген барлық атлеттердің ұпайлары есептеледі. Олимпиада, әлем чемпионаттарында жоғары орындарға ие болған спортшыларға көп ұпай беріледі. Қай жарыстан қандай ұпай еншілеуге болатынын IAAF келесі жылдың алғашқы тоқсанында мәлімдейді. Бұл жүйе 2019 жылы Дохада өтетін әлем чемпионатына және 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарына іріктеу кезінде қолданылатын болады.

Аll-athletics.com негізі мұндай рейтингті бұрыннан жасап жүр. Яғни рейтинг  жалпылай және жекелеген сайыс түрлері бойынша да түзіледі. Бұл порталдың соңғы жасаған рейтингіндегі ТОП-100 спортшының қатарына 8 қазақстандық атлет енген екен.
Олардың қатарында мына қазақстандық атлеттер бар:
100 метрге жүгіру

1.     Элейн Томпсон (Ямайка) – 1 405
40.   Виктория Зябкина – 1 198

200 метрге жүгіру

1.     Дафне Схипперс (Нидерланды) – 1 399
25.   Виктория Зябкина – 1 185

51.   Ольга Сафронова – 1 159

400 метрге жүгіру

1.     Шона Миллер-Уйбо (Багам аралдары) – 1 378
78.   Элина Михина – 1 136

100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1.     Салли Пирсон (Австралия) – 1 382
82.   Анастасия Виноградова – 1 149

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1.     Зузана Хейнова (Чехия) – 1 377
72.   Мерджен Ишангулиева – 1 117

Биіктікке секіру

1.     Мария Ласицкене (Ресей) – 1 459
98.   Надежда Дубовицкая – 1 069

Үш қарғып секіру

1.     Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 1 374
3.     Ольга Рыпакова – 1 329

27.   Мария Овчинникова – 1 143

Осылардың арасында ең жоғары орында Ольга Рыпакова орналасқан. Олимпиада чемпионы Катрин Ибаргуэн және Юлимар Рохастан кейінгі үштікте. Ал өзге спортшылардан тағы бір үш қарғып секіруші Мария Овчинникова мен спринтер Виктория Зябкинаның бәсі жоғары.

Жарнама

Живи спортом!