Жеңіл атлетика
3 қазан 16:35

Қазақстандық жеңіл атлет Франциядағы жартылай марафонда бірінші болды

©Global Look Press

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты.

Дэйзи Джепкемей белгіленген межені 1 сағат 7 минут 54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді. Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі – 01:09:58. Эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).

Дэйзи Джепкемей жазда өткен Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты. 3000 метрге кедергілермен жүгіруден финалдық кезеңге шыға алмады, ал 10 000 метрге жүгіруде 17-ші болып келген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport