Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Нұр-Сұлтанда өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлімдеді.
"Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, "Омикрон" штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс болған.