Легкая атлетика
25 сәуір 2024 09:20

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан бір күміс жеңіп алды

©

Дубайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан бір күміс иеленді. 

Фаина Мейірманова биіктікке секіруде 1 метр 76 сантиметрді еңсеріп, екінші орын алды. Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты. 

Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығы өтеді. Жарысқа 30-дан аса елден спортшылар қатысып жатыр. Ал Қазақстан құрлықтық турнирге 42 спортшы жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport