Елордада алғаш рет қысқы марафон өтеді
24 желтоқсан күні Астана қаласында «Astana Winter Marathon-2017» марафоны өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде турнирдің ұйымдастырушылары хабарлады.
«Marat#ON» жүгіру клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық ультрамарафоншы Марат Жыланбаевтың айтуынша, басты мақсат бұқаралық спортты дамытуға кез келген ауа райы кедергі еместігін дәлелдеу деп отыр.
– Жалпы әлемде қыста өтетін марафондар бар. Кезінде өзімде қатысқанмын. ТМД аумағында Санкт-Петербург қаласында дәстүрлі қысқы марафон өткізіледі. Біздің Астана әлемде Ұлан-Батордан кейінгі ең суық астана болған соң бұл қиындау сияқты көрінген. Дегенмен іске кірісіп, 24 желтоқсан күні алғаш рет «Astana Winter Marathon-2017» марафонын өткізуді қолға алып отырмыз, – дейді Марат Жыланбаев.
Марафонға еліміздің саяси элитасында жүрген Әділбек Жақсыбеков, Болат Жәмішев, Бағдат Мусин және бизнесмен Айдын Рахымбаевтар қатысады деп күтілуде.
ҚР жеңіл атлетика Федерациясының айрықша мәселелер бойынша кеңесшісі Оксана Хашагульгова «Astana Winter Marathon 2017» Қазақстанда бұқаралық спортты дамытудағы тағы бір кезең екенін айтып өтті.
– Еліміздегі марафондардың танымалдығы жылдан жылға артып келеді. 2017 жылы Қазақстанда Астана, Алматы, Атырау, Рудный, Қарағанды қалаларында жалпы саны 6 марафон өтті. Оған шамамен 30 000 адам қатысты. 2018 жылы Федерация марафонға қатысушылардың санын үш есеге арттыруға ниетті, –дейді О. Хашагульгова.
«Astana Winter Marathon 2017» үш қашықтық бойынша өткізіледі: классикалық марафон – 42 шақырым195 м, жартылай марафон – 21 шақырым және 10 шақырымға жүгіру. Тіркеу http://www.marathonclub.kz/ сайтында 12 желтоқсаннан бастап 20 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Жарысқа қатысушылар старттық топтаманың қысқы нұсқасын алады, ал мәреге жеткендер естелік медальдар, кубоктар мен бағалы жүлделерге ие болмақ.

Жарнама