Жеңіл атлетика
16 шілде 17:25

Бас бапкер жеңіл атлеттердің Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

©olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий  Карпов спортшылардың Париж Олимпиадасына дайындығы туралы қысқаша баяндады, деп жазады Olympic.kz. 

«Жазғы ойындар алдындағы соңғы жаттығу жиынын қазақстандық атлеттер Алматы облысында өткізіп жатыр. Олимпиадалық даярлау орталығының базасында толыққанды жаттығуға барлық жағдай жасалған. 

Спотшылармен бірге жаттықтырушылар, физиотерапевт пен дәрігер де жиынға қатысуда. Сондай-ақ, атлеттер қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілді. Жаттығу әр бапкердің жеке жоспары бойынша ұйымдастырылуда.

Біздің команда Парижге 29 шілде күні Алматыдан ұшып кетеді. Олимпиададағы басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсетіп, жарыстың финалына шығуға және жүлде алуға ұмтылу», - деді Карпов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport