Азия рекордын қайталаған қазақстандық жеңіл атлет ӘЧ жүлдесін жеңіп алды
©olympic.kz
10 жылдан кейін Қазақстан қайтадан жеңіл атлетикадан жүлде жеңіп алды. Бұл Белградта өткен әлем чемпионатында болды, деп хабарлайды ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
10 жылдан кейін Қазақстан қайтадан жеңіл атлетикадан жүлде жеңіп алды. Бұл Белградта өткен әлем чемпионатында болды, деп хабарлайды ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Надежда Дубовицкая биікке секіруде 1,98 метрді бағындырып, үшінші орын иеленді.
Спортшымыз сегіз елден келген қарсыластарынан үстем түсті және жабық алаңдағы Азия рекордын қайталады.
Жарнама