Кувейтте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Арина Гладышева алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
16 жастағы қазақстандық үш мың метр қашықтыққа жүгіруде бірінші болды. Оның нәтижесі 10.09.76.
Бұл турнирде Қазақстанның қоржынында барлығы төрт медаль бар. Бұған дейін Сабрина Арзиева бес мың метрге жүгіруден бірінші орын алса, Алина Чистякова биіктікке секіруде күміс, ал Айбол Омар 1500 метрге жүгіруден үшінші орын алған еді.