Атлетика
18 қазан 2022 18:55

Намыс жібермеді. Түркияда қазақ спортшылар көк туы үшін шекісіп қалды

©Видеодан кадр

Қазақстандық спортшылар Түркияның Анталья қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында қызық жағдайға тап болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

50 келіге дейінгілер арасындағы марапаттау рәсімінде болған жағдай әлеуметтік желіде тарап кетті.

Диана Тюкова мен Дана Асанова еліміздің көк туын шығарғаны бірінші орын алған түрік қызы Чалаян Деря Джеренге ұнамай қалып, ол өз туымен Қазақстан байрағын жауып тастады.

Нәтижесінде қазақ қыздары оңтайлы шешім тауып, көк туымызды көкке көтерді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport