Атлетика
26 шілде 2022 19:20

Қазақстандық зілтемірші қоржынға төртінші алтынды салды

©instagram.com/wf_rk/

Қазақстандық ауыр атлет Никита Әбдірахманов 17 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпинонатының алтын медалін жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚАФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әбдірахманов 102 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (158+196) келіні бағындырды. Жерлесіміз жасөспірімдер арасындағы жетістігінен бөлек, жастар арасында (20 жасқа дейін) күміс жүлдегер атанды.

Сары құрлық турнирінде 87 келіде Айсамал Сансызбаева екінші, 102 келіге дейінгілер арасында Санжар Жолтай (17 жасқа дейін) үшінші орын иеленді. Сонымен қатар, 81 келіде Динара Қыпшақбай (20 жасқа дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.

Еске салайық, Әбдірахмановпен қатар Азия біріншілігінің алтын медальдарын Әлішер Байбуров (67 келіге дейін), Емберді Едіге (73 келіге дейін) және Денис Полубояринов (81 келіге дейін) еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport