Ислам ойындарында қоржынға алтын түсті
©olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан Ислам ойындарында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан Ислам ойындарында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Литвин 400 метр қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмады. Ол аталмыш дистанцияны 45.36 секундта бағындырған. Бір қызығы Литвин іріктеуде 44.94 уақытын тіркеп, жеке рекордын жақсартқан еді.
Енді Михаил 12 тамызда командалық эстафетада сынға түседі.
Жарнама