Атлетика
13 қараша 2017 16:20
 
"Бізге "таза" Қазақстан керек". IWF өкілі Ильиннің допинг дауына қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

 "Бізге "таза" Қазақстан керек". IWF өкілі Ильиннің допинг дауына қатысты пікір білдірді © REUTERS

IWF допингке қарсы комиссияның төрағасы Патрик Шамаш Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің допинг сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуына байланысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине, бұл шок. Спортшыларымыздың сынамаларынан тыйым салынған заттар табылған сайын... Мен оның сіздер үшін ұлы чемпион екенін түсінемін. Бұл оның өзінің кінәсі немесе бапкердің, не болмаса дәрігерлердің кінәсі. Сынама осындай нәтиже көрсетті. Сіздерде велоспортта да осындай бір мәселе болған еді, ұлы спортшыларыңызды шеттетіп тастаған еді (Александр Винокуров жайлы - Vesti.kz). Cіздердің чемпиондарыңыз үшін бұл сұмдық жағдай", - дейді Патрик Шамаш.

Сондай-ақ, ол допинг дауына байланысты жазаланған басқа да қазақстандық ауыратлеттерге тоқталып өтті.

"Мен бұл шешіммен келісемін. Бейжіңде және Лондонда алынған сынамалардың барлығының нәтижесі белгілі. Артқа қарай берудің қажеті жоқ, алға жылжып, мұндай жағдайлар қайталанбас үшін шаралар қолдану керек, спорт таза болуы қажет. Бізге ауыр атлетикада таза Қазақстан керек", - деді IWF допингке қарсы комиссияның төрағасы.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, қазақстандық тағы үш ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.

Жарнама

Живи спортом!