Бүгін, 5 желтоқсанда Боготада (Колумбия) ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚАФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа 93 елден 537 спортшы (270 әйел және 267 ер адам) қатысады. Бұл әлем чемпионатында Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды.
Назарларыңызға спортшыларымыздың өнер көрсету кестесі (Астана уақыты бойынша):
7 желтоқсан, сәрсенбі
06.00 Ерлер 55 келіге дейін (А тобы) Чонтей Арли
10 желтоқсан, сенбі
01.00 Ерлер 73 келіге дейін (В тобы) Чуркин Алексей
03.30 Ерлер 67 келіге дейін (А тобы) Савельев Анатолий
12 желтоқсан, дүйсенбі
01.00 Ерлер 89 келіге дейін (В тобы) Бектай Асылжан, Уланов Денис
03.30 Ерлер 81 келіге дейін (А тобы) Сейітқазы Еламан
13 желтоқсан, сейсенбі
01.00 Ерлер 96 келіге дейін (В тобы) Сейітқазы Әлішер
03.30 Ерлер 96 келіге дейін (А тобы) Әділетұлы Нұрғиса
14 желтоқсан, сәрсенбі
01.00 Әйелдер 76 келіге дейін (В тобы) Нұрлыбекова Арай
06.00 Ерлер 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов
14 желтоқсан, сәрсенбі
22.30 Әйелдер 81 келіге дейін (С тобы) Омарова Аиша
22.30 Әйелдер 87 келіге дейін (В тобы) Есжанова Айым
15 желтоқсан, бейсенбі
22.30 Әйелдер 87+ келі (В тобы) Ковальчук Любовь