Қазақстан құрамасының мүшесі Зәкір Сафиуллин Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты деп жазады, Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің 1/8 финалында Сафиуллин жапониялық Дайсуке Наримацумен шығуы тиіс болған. Алайда жарыс қожайыны жарақатына байланысты рингке шығудан бас тартқан. Нәтижесінде жерлесіміз ширек финалға еш қиындықсыз жолдама алып отыр.
Еске салайық, Зәкір Сафиуллиннен бөлек, Әбілхан Аманқұл, Қамшыбек Қоңқабаев және Сәкен Бибосыновтар жазғы ойындардың ширек финалында сынға түседі.