Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бесінші ойынында қатарынан жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Топтық кезеңнің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Аустралиямен кездесіп, 7:15 есебімен ұтылды. Бұған дейін біздің құрама Хорватия (7:23), Сербия (5:19), Испания (4:16) және Черногория (12:19) құрамаларынан жеңілген еді.
Осылайша бір де бір кездесуінде жеңіске жетпеген Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шыға алмады.