Су добынан Қазақстан құрамасы бесінші ойында қатарынан жеңіліп, Олимпиада ойындарын аяқтады
Сурет: Владислав Семенов, ҰОК
Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бесінші ойынында қатарынан жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бесінші ойынында қатарынан жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Топтық кезеңнің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Аустралиямен кездесіп, 7:15 есебімен ұтылды. Бұған дейін біздің құрама Хорватия (7:23), Сербия (5:19), Испания (4:16) және Черногория (12:19) құрамаларынан жеңілген еді.
Осылайша бір де бір кездесуінде жеңіске жетпеген Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Жарнама