Соңғы балуан. Тұрсынов Олимпиададағы бірінші белдесуінде жығылды
Сурет: Olympic.kz©
Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасындағы бірінші белдесуінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасындағы бірінші белдесуінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
87 келідегі 1/8 финалда 2014 жылы Азия чемпионы болған Нұрсұлтан германиялық Денис Кудладан жығылды (1:4).
Тұрсынов Олимпиадада осы күрес түрінен Қазақстанның соңғы өкілі еді. Дегенмен Кудла финалға өтсе, қазақстандық жұбату раундында белдесіп, жүлде жеңіп алуына мүмкіндік бар.
Мұның алдында Мейрамбек Айнағұлов (60) пен Демеу Жадраев (77) жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Жарнама