Азиада
1 тамыз 2021 16:50

Ресейлік боксшыны жеңген Қамшыбек Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Сурет: © REUTERS / LUIS ROBAYO

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың жартылай финалына жолдама үшін жекпе-жекте ресейлік қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда ауыр салмақтағы (91 келіден аса) қазақстандық боксшы ресейлік Иван Верясовпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жеткен Қазақстан құрамасының капитаны Токио ойындарының жартылай финалында өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, мұның алдында 75 келіде Әбілхан Аманқұл бразилиялық боксшыға есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport