Олимпиада
27 шілде 2021 13:45

Өзбекстан және Ресеймен айқас. Қазақстан боксшыларының Олимпиаданың 1/8 финалындағы жекпе-жектеріне болжам

Сурет: Данияр Майлыбаев

Әлемнің вице-чемпионы және Токиодағы турнирде басымдығы бар франциялық спортшы қазақстандық боксшыларға қарсылас болады. Жарыстың екінші раундында боксшыларымыз кіммен бетпе-бет келетінін туралы Vesti.kz материалынан оқи отырыңыздар. 

Бүгін рингке бірінші болып Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит шығады. Олардың қарсыластары құрлықтық жарыстардың жеңімпазы болған америкалық және Испания атынан шығатын кубалық боксшы. 

Ең қиын қарсыластар Теміржанов пен Бибосыновта. Бірі 2017 жылғы әлем чемпионатының күмс жүлдегерімен жұдырықтасса, екіншісі 2019 жылғы ӘЧ-нің қоласын жеңіп алған боксшымен жекпе-жекке шығады. Қарсыластар жеңіп кетуі де мүмкін. 

Өзге қазақстандық боксшылардың қарсыластары ондайлық мықты емес. Әбілхан Аманқұл мен Бекзат Нұрдәулетов айқастары тартысты өтуі мүмкін, ал Қамшыбек Қоңқабаев бірінші айқасын 5:0 есебімен жеңеді деген болжам бар. 

Қазақстандық боксшылардың Олимпиаданың екінші айналымдағы кездесулері:

27 шілде

69 келіге дейін

Абылайхан Жүсіпов - Деланте Джонсон (АҚШ) - 60:40. 

91 келіге дейін

Василий Левит - Энмануэль Рейес (Испания) - 70:30.

28 июля

57 келіге дейін

Серік Теміржанов - Дьюк Раган (АҚШ) - 40:60.

81 келіге дейін

Бекзат Нұрдәулетов - Имам Хатаев (Ресей) - 65:35. 

29 шілде

75 келіге дейін

Әбілхан Аманқұл - Фанат Кахрамонов (Өзбекстан) - 65:35.

91 келіден аса

Қамшыбек Қоңқабаев - Юсри Резк Мустафа Хафез (Мысыр) - 80:20.

31 шілде

52 келіге дейін

Сәкен Бибосынов - Биллал Беннама (Франция, 2) - 40:60.

63 келіге дейін

Закир Сафиуллин - Дайсуке Нариматсу (Жапония) - 60:40.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport