Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов өзінің әлеуметтік желісінде Өзбекстан құрамасының боксшылары ауруханада жатқан бапкерлері Тулкин Киличевке барып қайтқан видеоны жариялады.
"Бұл бапкер Тулкин Киличев бірден 5 Олимпиада чемпионын баптады. Оның екеуі - алтынды екі рет алды. Өзбекстан сізді мақтан етеді. Сізге сәттілік тілеймін", - делінген видеода.
Еске салайық, 51 келдегі Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін Киличев боксшылар жаттығатын жерде есінен танып қалып, жүрегі тоқтап қалған. Оған Ұлыбританиялық дәрігер Харж Сингх пен физиотерапевт Робби Лиллис көмекке еліп, дефибриллятор қолдану арқылы өмірін сақтап қалды.