Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында жұппен мәнерлеп сырғанау жарысы аяқталды, деп жазады Vesti.kz.
Бұл жарысқа жалпы 6 жұп қатысты. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша өзбекстандық дуэт - Екатерина Гейнич пен Дмитрий Чигирев 64,55 балл жинап, бірінші болды.
Еркін бағдарламада өзбекстандықтар екінші болды (111, 88), бұл сында Солтүстік Корея жұбы алға шығып кетті (112,20).
Бұл Өзбекстанның 2025 жылғы Азиададағы және мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы алтыны. Өзбекстан соңғы рет Азия ойындарының алтынын 1999 жылы алған екен.