Азиада
28 шілде 2021 12:05

"Оң қолын бақылау керек болатын". Қазақстан құрамасының бас бапкері Бекзат Нұрдәулетовтің жеңілісін түсіндірді

Сурет: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токиода Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында команда көшбасшыларының жеңіліуіне қатысты ойын айтты. 

- Бекзат төрешілер есептеген соққыларды өткізіп алды. Жекпе-жек әрине ауыр болды. Бірінші раундта есе жіберді, екіншісінде жеңді, үшіншісі теңдей болды. Біздің боксшы бірінші нөмірде жұмыс істеді, бірақ, беті тілінді, кездесуді тоқтатып отырды, жалпы бұл айқас дұрыс болмады... Ресейлік - Бекзаттың ең мықты қарсыластарының бірі. Мұнда әрине осалдары болмайды. Осы айқас үшін қатты алаңдадым. 

- Бекзат бойшаңдау, бірақ ресейлік орта қашықтыққа шығып, соққы жасап отырды...

- Айтып отырмын ғой, соққыларды өткізіп алды, жанынан жасалған соққыларды көрмеді. Қойылған міндет - оң қолды бақылауда ұстау болатын.

- Василий Левит туралы не айтасыз?

- Болғаны болды. Соққыны өткізіп алды. Иорданиядан кейін бабына келе алмады. Физикалық та, психологиялық та қиындықтары болды, осы әсер текен шығар. 

- Абылайхан Жүсіпов теңдей жұдырықтасқан сияқты болды.

- Теңдей жекпе-жектерде жеңісті өзгелерге береді. Бұл - Олимпиада. Жігіттер тырысуда, бірақ...

- Серік Теміржанов әлем чемпионатының финалисіне есе жіберді, дегенмен, жақсы өнер көрсетті.

- Серік барын көрсетті. Ол әлі мұндай боксшылармен тайталасатын деңгейге жетпеді. Бұл салмақта бізде боксшылар көп емес... 57 келі. Ол кейінгі жылы Қазақстан чемпионы болды. Бұл салмақта бізде қиындықтар бар. 

- Өзге боксшыларымыздың жай-күйі қалай?

- Ынталандырамыз. Олимпиадада барлық айқас қиын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport