Ресей құрамасының боксшысы Имам Хатаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда ол испаниялық Газимагомед Джалидовты үшінші раундта есінен тандырды. Осы жеңіс арқасында ресейлік боксшы 81 келіде қола жүлдеге ілігіп отыр.
Еске салайық, Хатаев турнирдің 1/8 финалында 2019 жылғы әлем чемпионы болған қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовті жеңген еді (4:1).