Нокдаунға түсті. Сәкен Бибосынов Олимпиаданың финалына шыға алмады

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
52 келідегі 1/2 финалда Сәкен британиялық Джалал Яфаймен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілді. Ал бірінші раундта қазақ боксшысы нокдаунға түсті.
Осылайша, Бибосынов Олимпиаданың қола жүлдесін иеленіп отыр.
Жарнама