Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының екінші кездесуінде жеңілді, деп жазады Vesti.kz порталы.
55 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз екінші кездесуде австриялық Баттина Планқа қарсы жекпе-жек өтізіп, 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығу үшін біздің отандасымыз өз тобында бірінші не екінші орын алуы керек.
Бұған дейін Жаңбырбай бірінші кездесуінде мысырлық Радва Сайедті 7:2 есебімен ұтқан еді.