Франциялық каратэші Стивен да Коста Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
67 келі салмақтың финалында ол түркиялық Эрай Самдананы 5:0 есебімен жеңді.
Еске салайық, Олимпиаданың жартылай финалында Стивен отандасымыз Дархан Асаділовті 5:2 есебімен жеңген еді. Осылайша біздің спортшы қола жүлде алды.
Ал бүгін сайысқа түскен тағы бір спортшымыз Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады.