Қазақстандық Кирилл Герасименко Токиодағы Олимпиадада үстел теннисінен жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үшінші тур матчінде Герасименко германиялық атақты Тимо Боллмен ойнады. Қазақстандық спортшы бірінші геймді ұтты (11:7), алайда, келесі төртеуінде ұтылып қалды (6:11, 7:11, 2:11, 1:11). Осылайша, ол олимпиадалық турнирден шығып қалды.
Айта кетейік, Болл - командалық біріншілікте Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері, Әлем кубогін екі рет ұтқан, әлем чемпионаттарында сегіз рет жүлделі болған, Еуропаның 20 дүркін чемпионы, Еуропалық ойындарда екі рет жеңімпаз атанған, жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы болған.