Қазақстандық Наталья Сергеева байдаркамен жекелей сында 200 метрге жүзуден Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші іріктеу легінде Сергеева 2 минут 1,374 секунд уақытымен жетінші келді.
Алғашқы екі орынды иеленген спортшылар бірден жартылай финалға жолдама алады. Ширек финалдық сайыстар сәрсенбіде, ал финалдық жарыс бейсенбіде өтеді.