Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының финалына жетті

Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға өтті, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға өтті, деп хабарлайды Massaget.kz.
Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті. Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева өнер көрсетті. Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.
Финал 8 ақпан күні Астана уақытымен 07:06-да басталады.
Жарнама