Бүгін, 2 қыркүйекте, Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Зульфия Габидуллина өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Еркін стильде (S4) 50 метрге жүзуден финалдық бәсекеде ол соңғы, сегізінші орынға ие болды (48.12).
Сайыстың бұл түрінен алтын австралиялық Рэйчел Уотсонға (39.36), күміс - италиялық Арджола Тримиге (40.32), қола - Марта Инфанте Фернандеске (40.85) бұйырды.
Естеріңізге сала кетейік, Габидуллина 2016 жылғы Паралимпиадада және 2018 жылы Паразия ойындарында ел қоржынына еркін жүзуден алтын салған болатын.