Бүгін каратэден Қазақстан командасы Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатыр. Бірінші жарыс күнінде екі қазақстандық боксшы өнер көрсетіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.
Бұған дейін ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов жартылай финалға өткен болатын.
Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобына түсті. Ол бірінші кездесуде мысырлық Радва Сайедті ұтты, есеп – 7:2.
Келесі кездесуді ол австриялық Беттина Планкке қарсы өткізеді.
Еске сала кетейік, өз тобында алғашқы екі орынды иеленген спортшылар жартылай финалға өтеді.