Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи жеңіске жетті

Қытйадың Харбин қаласында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында еркін стильдегі акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы синхронды секіру түрінен алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда құрамындағы Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов ел қоржынына тарихи жүлдені салды.
Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруден үшінші орын алған болатын. Жеке есепте де Аяна Жолдас үшінші болып, аралас құрама күміске қол жеткізді.
Жарнама